Орталық депозитарийдегі шоттар саны 2 млн-ға жуықтады

KCSD есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-ы қазақстандық инвесторлар.

Орталық депозитарийдегі шоттар саны 2 млн-ға жуықтады Фото: optimism.kz

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны жыл басымен салыстырғанда 102%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылғы 1 шілдеде KCSD жүйесінде 1 946 мың шот ашылды, оның ішінде 685 мыңы тікелей KCSD есепке алу жүйесінде ашылған сегрегацияланған қосалқы шоттарға тиесілі, қалған 1 261 мыңы – агрегирленген омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын KCSD депоненттерінде ашылған инвесторлардың брокерлік шоттарына тиесілі", – деп хабарлады ұйым. 

Салыстырар болсақ, 2023 жылғы 1 қаңтарда KCSD жүйесінде 963 мың шот ашылды, оның 550 мыңы қосалқы шоттарға, 413 мың брокерлік шоттар – омнибус-шоттарға тиесілі болды. 

KCSD есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың
99%-ы қазақстандық инвесторлар. 

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бейрезиденттер үлесі бөлшек инвесторларға ашылған шоттардың жалпы санының 0,8 % ғана құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу