Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың 182 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
"Қалада 370 расталған жағдайы тіркелді. Орталық қалалық клиникалық ауруханада індет жұқтырғандардың саны – 182 адам. Онда емлеліп жатқан 215 пациенттен талдау алынды. 18 науқастан індет анықталды. Жалпы қалада 218 медицина қызметкері инфекцияға шалдыққан. Қала стационарларында 311 адам емделуде. 58-і сауығып, үйге шығарылды. Ауруханада ем қабылдап жатқан 253 науқастың жағдайы – қанағаттанарлық, 3 науқастың жағдайы – ауыр, 55 науқастың жағдайы – ауырлықтың орташа дәрежесінде. Правизорлық орталықтарда 343 адам бар. Оның 11-і бала. Ал 419 адам бақылауда, 7097 адам үй карантинінде",– деді Тілеухан Әбілдаев
Алматы қаласында науқастарды №7 клиникалық аурухана мен №4 клиникалық аурухана қабылдауда. Ал Орталық қалалық клиникалық аурухана дезинфекциялық жұмыстарға жабылды.
Құралай Құдайберген