"Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын",– делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатта.
Құжатқа сәйкес, мекеме директорын Президент тағайындайды және қызметтен босатады.
Үкіметке ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, тарату тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу