Орталық сайлау комиссиясы 12 миллиард теңге сұрап отыр

1319

Қаражатты президенттік сайлау науқанын өткізуге жұмсамақ.

Орталық сайлау комиссиясы 12 миллиард теңге сұрап отыр

Президенттік сайлау науқанын өткізуге Орталық сайлау комиссиясы 12 млрд теңге сұрап отыр. Бүгін сенат қабырғасында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осылай айтты, деп хабарлайды  Atameken Business.

Бұл сома әлі де өзгеруі мүмкін. Өйткені ведомствоның баспасөз қызметі бұған дейін алдын-ала берілген сметалық құжаттан біраз қателік табылғандықтан, оның Орталық сайлау комиссиясына кері қайтарылып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сайлау шығындары толықтай үкіметтің арнайы қорынан алынатын айтқаны еді. Ал онда шамамен 80 млрд теңгеден астам ақша бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу