Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Сенатқа депутат ретінде тіркеді

792

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Сенатқа депутат ретінде тіркеді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Сенатқа депутаттыққа тіркеу туралы Қаулы шығарды. Құжат мәтіні ОСК ресми сайтында жарияланды:

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 мамырдағы

№ 318 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының депутатын тіркеу туралы

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 318 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев тіркелсін.

2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тіисті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы                                                                                         Б. Имашев

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Хатшысы                                                                                        С. Мұстафина

 

Нұр-Сұлтан қаласы,

2020 жылғы 4 мамыр

№ 9/303"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу