Cоңғы болып кандидаттар тізімін "Әділет" пен "Байтақ" партиялары тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", "Ақ жол" және Respublica өз үміткерлерін ұсынған еді.
Ал оларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жөніндегі шешім 23 шілдеге дейін шығарылады. Содан кейін ғана сайлауалды үгіт-насихат басталады.
Айта кетейік, елімізде құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу