Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауына қатысты ақпараттық хабарлама жариялады

481

Ақпараттық хабарлама Бұқаралық ақпарат құралдарына арналады. 

Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауына қатысты ақпараттық хабарлама жариялады Фото: azattyq-ruhy.kz

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін, Орталық Сайлау комиссиясы БАҚ үшін ақпараттық хабарлама жариялады, деп жазады inbusiness.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған сәйкес,  Сенат депутаттығына үміткерлер үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы, 3-тармағына сәйкес, 19 желтоқсаннан кешіктірмей эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

"Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу