"Бүгін пандемия құрбаны болған отандастарымызды Жалпыұлттық аза тұту күні екенін атап өткен жөн. Баршаңыз бұл жайында білесіздер. Бізде, сайлау жүйесі қызметкерлерінің арасында да ауыр қаза бар. Алматы облысы Текелі қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бәкен Жаманқұлов қайтыс болды. Бәкен Түзелбекұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Осыған орай бір минут үнсіздікпен барлық қаза болғандарды еске алуды ұсынамын", – деді отырыстың ашылуында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
Айта кетейік, ОСК отырысында сенат депутаттығына кандидат ұсыну кезеңінің қорытындысы қаралуда. Қазір облыстардың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат сарапталып жатыр.
Қанат Махамбет