ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оған бейнеконференц байланыс режимінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Айманақұмов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, Ләззат Сүйіндік ҚР Парламенті Сенатының қаулысымен ОСК мүшесі болып тағайындалғанын атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында төрағаның орынбасары және хатшы сайланды. Комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімімен ОСК төрағасының орынбасары болып Мұхтар Ерман, ал хатшы болып Шавхат Өтемісов сайланды.
Сондай-ақ, өңірлерден мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізудің ағымдағы мәселелері талқыланды.