Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді

854

Ақылбек Жәмелұлы Ихдановтің кандидатурасын бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірауыздан қолдады.

Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді

Мәжілістің жалпы отырысында орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді. 
Ақылбек Жәмелұлы Ихданов ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады, деп хабарлайды abctv.kz.  
Ақылбек Ихданов әр жылдары еңбек министрлігінде, президент әкімшілігінде еңбек еткен. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі болып жұмыс істеді. 2011 жылдың тамыз айында ҚР парламенті мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі болды. 2016 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу