Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"13:55-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі 150 мекенжайында шыққан өтті сөндіруге аттанды. Өрт сөндіру бөлімдері келгенде газ баллоны жарылып, салынып жатқан екі қабатты ғимараттың төбесі жанып жатты. Атқарылған жұмыстардың арқасында, көк жалын 14:14-те оқшауланып, 14:23-те жойылды. Жалын көршілес ғимараттарға таралмады. Жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника тартылды", – деп хабарлады ТЖД.
Бірінші болып тұтанған өртті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің түтін мен өртті автоматты түрде бақылауға арналған жылу-бейнелеу камерасы анықтаған.
"Қазіргі уақытта жоба іске асырылу сатысында - өрт немесе түтін анықталған жағдайда алынған мәліметтер автоматты түрде Алматы қаласының ТЖ Департаментінің жедел басқару диспетчерлік бөліміне жіберіледі", – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Құралай Құдайберген