Орталықтың 25 қызметкері басшының үстінен арызданды

734

 Орталықтың 25 қызметкері басшының үстінен арызданды

Қазақстан Білім министрлігінің жұмыс тобы Халықаралық бағдарламалар орталығындағы шулы оқиғаны тексеруді бастап, алғашқы шешімді қабылдады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Бұдан бұрын, Орталықтың 25 қызметкері басшыларының әрекеттеріне қатысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен білім және ғылым министрлігіне шағым жазған. Үндеудің мәтіні БАҚ-та жарияланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізіп жатыр және Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.

ХБО-дағы шулы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысынан соң қызметкерлерді жұмыстан шығаруға ғана емес, ұйым құрылымын өзгертуге үш айға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу