Ортамерзімді экономикалық даму жоспары әзірленеді

850

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жауапкершілік жүктеледі. 

Ортамерзімді экономикалық даму жоспары әзірленеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін елімізде ортамерзімді экономикалық даму жоспары әзірленеді. Бұл үшін премьер-министр Асқар Мамин басқаратын жұмыс тобы құрылады. 

"Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында 80-нен астам тапсырма жүктеді. Бізге уақыт оздырмай, тапсырмаларды орындау қажет",– деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінге дейін "Техникалық реттеу туралы" заң, бюджет кодексіне өзгерістер және денсаулық кодексі қабылданып, ақша-кредит саясаты стратегиясы, сауда саясаты бағдарламасы және су ресурстарын басқару бағдарламасы бекітілген. 

"Жоғарыда аталған заңдар мен бағдарламаларды Президенттің тапсырмасын орындау барысында қолданамыз", – деді Руслан Дәленов.

Оның пікірінше, премьер-министр басқаратын жұмыс тобын 10 шағын топқа бөлу қажет. Әр топ әр бағытта жұмыс істеуі керек .

"Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі", – деді ол.

Министрдің айтуынша,  жұмысқа сараптамалық қоғамдастық  пен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері жұмылдырылады.  

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу