"Ортамызға түсіп, ажырастырды": Сұлтан Сәрсемәлиев ата-енесін неге өлтіргенін айтты

Ол істі алқа билерге беруден бас тартып отыр.

"Ортамызға түсіп, ажырастырды": Сұлтан Сәрсемәлиев ата-енесін неге өлтіргенін айтты Фото: baq.kz

Күдікті сот отырысында өзіне қандай жаза берсе де өтеуге дайын екенін де жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сұлтан Сәрсемәлиев іс-әрекетіне өкінетіндігін, бұл әрекетке қайын атасы мен енесінің келіншегі екеуінің арасына түскенінен соң, балаларын тартып алуға қадам жасағандықтан барғанын айтты. 

– Ортамызға түсіп, ажырастырды. Сонда да бөлінгіміз келмей, бірге тұра бердік. Отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Әйел мен балаларымды өзімнен айырды. Осының барлығы мені осы іске итермеледі. Қандай жаза берсе де өтеуге дайынмын, – деді Сұлтан Сәрсемәлиев.

Жаза кеткен жөн, негізгі сот отырысы 28 мамыр 10:00-де өтеді. 

Бұған дейін сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің қайын әпкесіне қалай шабуылдағаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу