Орташа айлық алғаш рет 200 мың теңгеден асып түсті

1862

Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті 10%-ға өсті.

Орташа айлық алғаш рет 200 мың теңгеден асып түсті

2019 жылдың төртінші тоқсанында ел азаматтарының орташа айлығы алғаш рет 203,9 мың теңгеге жетті, деп хабарлады Finprom.kz. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға жоғары. 

Ал инфляцияны ескергенде отандастырымыздың сатып алу қабілеті де 9,9%-ға өскен. 
Алайда бұрынғыдай ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау саласында еңбек ететіндер алады. Яғни, аталған сала мамандарының айлығы 150 мың теңгеден төмен.  

Ең жоғары айлық мұнайлы өлкеде тіркелген. Атырау облысындағы орташа айлық 345,2 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,5%-ға жоғары. Маңғыстау өңірінің тұрғындары 309,1 мың теңге жалақы алады. Аталған өңірде еңбекақы 10,9%-ға өскен. Нұр-Сұлтанда 308,1 мың теңге болса, Алматы халқы орта есеппен 248,7 мың теңге айлық алады. Ал ең аз жалақы Түркістан облысында тіркелген (138,1мың теңге). 

Мамандықтар бойынша сақтандыру және қаржы саласы мамандары ең жоғары жалақыны алады. Одан кейінгі орында ғылыми-техникалық сала мамандарының айлығы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу