"Орташа чек – 837 мың теңге": Қазақстан шоппинг туризмді дамытуды қолға алмақ

142

TaxFree жүйесінде шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылған. 

"Орташа чек – 837 мың теңге": Қазақстан шоппинг туризмді дамытуды қолға алмақ Фото: Евгений Голомолзин

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов TaxFree жүйесін пилоттық режимнен тұрақты жұмыс режиміне ауыстыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келесі бір маңызды бағыт – шоппинг туризм.

"TaxFree жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болып саналады. Бұл жүйе көптеген дамыған елдерде жұмыс жасайды. Ал бізде 2019 жылы пилоттық режимде Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілген", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Аталған жүйе аясында шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылды. Орташа сату чегі – 837 мың теңге. Бұл – әлемдегі ТОП 10 елдің қатарындағы көрсеткіш.

Туризм және спорт министрлігі жүйені жетілдіру үшін бірқатар іс-шараны жүзеге асыруды ұсынып отыр:

  • TaxFree жүйесін пилоттық режимнен тұрақты жұмыс режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыру;
  • Аталған жүйені еліміздің барлық өңіріне енгізу;
  • Өтініштерді беру процесін цифрландыру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу