Орташа жалақы төлеу рейтингінде Африка елдерінен де артта қалдық

1081

Орташа жалақы төлеу рейтингінде Африка елдерінен де артта қалдық

Әлем елдері арасында орташа жалақы төлеу рейтингінде Қазақстан 157 мемлекеттің арасынан 86-шы орынға табан тіреді. Мұндай рейтингті "Инвесторлар мектебі" басылымы жасаған.

Тізімді құрастырушылардың айтуынша, қазір республикадағы орташа айлық жалақы 480 долларды құрайды. Ал Швейцария тізімнің көш басында келеді. Яғни, бір қызметкердің табысы шамамен 3855 АҚШ долларын құрайды. Одан кейінгі орынға Норвегия мен Люксембург орналасқан. Бұл елдерде орташа жалақы мөлшері 3781 және 3565 АҚШ долларын құрайды. Рейтингтің ең соңында Зимбабве мемлекеті. Ондағы орташа айлық жалақы 21 доллар. Ресейде бұл көрсеткіш 615 доллар. Көршіміз 69-шы орында тұр. Қытайдағы орташа жалақы - 746 доллар, Иракта - 760 доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу