Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл қашан салынады

206

Қала ішіндегі жолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын жүйе орнатыла ма?

Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл қашан салынады Фото: kazislam.kz

Қазақстандағы республикалық маңыздағы автожолдарда әр көліктің орташа жылдамдығын өлшейтін арнайы жүйе орнатылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қазір біздің камераларды Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесіне қосып орнату жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасына қарай бұл интеграцияны аяқтаймыз деп ойлаймын. Осыдан кейін ереже бұзу деректерін есепке алу басталады", – деді Көлік министрі Марат Қарабаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министр бұл камералар жол ережесін өрескен бұзатын адамдарды анықтау мақсатында қойылып жатқанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, "Астана-Бурабай" жолында сағатына 140 км жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда, осы жолда сағатына 200 км-ден жоғары жылдамдықпен жүріп өткен анықталған.

Сонымен қатар М. Қарабаев қала ішіндегі жолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын жүйе орнатылмайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу