Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Сенат кулуарында орташа жылдамдықты асырғаны үшін бірде-бір жүргізушіге айыппұл салынбағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, қала сыртындағы трассаларда орташа жылдамдықты арттыру деректері тест режимінде жұмыс істеп жатыр.
"Әзірге сынақ режимінде қашықтықтарды белгіледік. Тексерулер жүргізілді, осы айда орташа жылдамдықты асырудың 585 фактісі анықталды. Айыппұл салынбады", – деді Игорь Лепеха Сенат кулуарында.
Вице-министр орташа жылдамдықты асырғаны үшін бірде-бір адам жауапқа тартылмағанын баса айтты.
"Трассаларда бұрыннан жұмыс істеп жатқан құрылғылар бар, олар жылдамдықты тез өлшейді. Егер адам сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүретін жолды сағатына 160 шақырыммен жүрсе, онда ол жауапкершілікке тартылады. Меніңше, адамдар әрбір құқық бұзушылық үшін заңға сәйкес жауап беруі тиіс", – деді Игорь Лепеха.