Бұл шешім 1 желтоқсанда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 17-ші сессиясында қабылданды.
"Марокко астанасы Рабат қаласында 1 желтоқсанда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 17-ші сессиясында қазақтың "Ортеке – қазақтың дәстүрлі орындаушылық өнері: би, қуыршақ және музыка"; "Қожанасырдың әзіл әңгімелері" элементтері Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді", делінген Мәдениет министрлігі таратқан хабарламада.