Өртелген мәйіт: бойжеткеннің өліміне кім кінәлі екені анықталды

1066

Алматыда "Латифа" тұрғынүй кешенінде белгісіз адам бойжеткен қызды өлтіріп, өртеп жіберген. Бұл қылмыс туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп жазады inbusiness.kz  ZTB | QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.

Өртелген мәйіт: бойжеткеннің өліміне кім кінәлі екені анықталды Фото: Максим Морозов

Әлеуметтік желідегі жазбада қылмыскер алдымен жәбірленушіні тұншықтырып, мәйітін өртеп жібергені айтылған.

"Біз талай рет учаскелік полицейлерге айттық, тәулік бойы жалға берілетін пәтерлер жезөкшелер үйі деп. Бірақ тұрғындардың сөзіне ешкім құлақ аспайды. Қазір полицейлер оның жезөкше болғанын айтуда", – деп жазылған желіде тараған ақпаратта.

Кісі өлтіру фактісін полиция департаменті растады, бірақ олар әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 2-бабы "Адам өлтіру" бойынша реестрдің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Медеу аудандық ІІБ-нің тергеуіне берілді. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті анықталды, оны ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде", – деп хабарлады ПД.

Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу