Өртенген 598 малға өтемақы төленді

820

Өртенген 598 малға өтемақы төленді

Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде биылғы 30 шілдеде ірі дала өрті болып, Қособа елді мекені тұрғындарының 598 бас ұсақ малы өртеніп кеткен еді. Осы малға өтемақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайға байланысты комиссия құрылып, шығынды есептегеннен кейін 13 отбасына 250 бас малының өтемі ретінде облыс әкімдігінің резерві қорынан 5,3 млн теңге аударылып, қаражат тұрғындар қолына тиді. Мұның алдында аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер мен тұрғындардың демеушілігімен 360 бас қой-ешкі жиналып, 16 отбасыға жеткізілген болатын. Оған қоса "Мектепке жол" шарасы аясында Қособа ауылындағы мектеп оқушыларына 400 мың теңгеге киім-кешек алынып берілді.

Еске сала кетейік, аталмыш өрт салдарынан қой бағып жүрген 1990 жылғы тұрғын көз жұмған болатын. Содан кейін 23-26 тамыз аралығында Шыңғырлау ауданында болған өрт кезінде Қарағаш ауылдық округінің 1993 жылғы тұрғыны қаза тапқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу