Өртенген гараждан ер адамның мүрдесі табылды

147

Оралда гараж өртеніп, от сөндірілгеннен кейін денесі жанып кеткен ер адамның мәйіті табылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өртенген гараждан ер адамның мүрдесі табылды Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында, сағат 07.48-де болған. 

Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндіріліпті.

Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу