Өртенген көпқабатты үйдің тұрғындары далада қалды

822

Өртенген көпқабатты үйдің тұрғындары далада қалды

Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, 8 отбасы далада қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың айтуынша, от пештің мұржасынан шыққан. Әуелі шатыр тұтанып, кейін тұтас ғимарат қызыл жалынға оранады. Пәтерлері тұруға жарамсыз болып қалған тұрғындар енді қайда барарларын білмей дал. Кейбірі туған-туыстарын жағалап кетсе, енді біріне жергілікті билік жатақханада уақытша жан сақтай тұруды ұсынып отыр. Ал баспананы қалпына келтіруге бола ма, әлде апатты жағдайда ма, оны арнайы комиссия мүшелері анықтайды.

26 жанның жағдайын естіген қайырымды жандар қазір Қызыл жарты ай қоғамына киім-кешек пен азық-түлік әкеліп жатыр.

Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Мұқашев бұл жағдайда бюджеттен ақша бөлу заңға қайшы дейді. Баспананы тек тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы немесе демеушілердің көмегімен ғана қалыпқа келтіруге болады деп отыр. 

"Біз өз жағымыздан, әкімшілік жағынан көмек жасаймыз. Жаңа айттым ғой, халық бар, халық көмектеседі. Жақында осындай бірнеше өрт болды, көмектестік. Біз ешқайда кетпейміз, халықты жайдан-жай далада қалдырмаймыз", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу