Өртенген үйдегі балаларды құтқарып қалды

1618

Өрт 64 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртенген үйдегі балаларды құтқарып қалды

Өскемендегі "Титан" саяжайында үй өртеніп, оның ішінде 4 және 6 жастағы екі бала қалып қойған, деп хабарлайды 24.kz. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, олардың анасы үйдегі пешті жағып, соңынан өзі шаруаларымен шығып кеткен екен. Баспанадан будақтаған түтінді алдымен сол жердегі көршілер Арман Қайсенов пен Геннадий Семиков деген азаматтар байқап қалған. Абырой болғанда, олар бірден өртке оранған үйге терезе арқылы кіріп, ішінде қалып қойған балаларды сыртқа алып шыққан. Бұл кезде өртсөндірушілер де жетіп, 64 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндірді.

Ал балалар қазір облыстық ана мен бала орталығында жатыр. Жағдайлары жақсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу