Өртенген зауыт қалпына келтірілді

931

Қазір зауыт екі ауысымда жұмыс істейді.

Өртенген зауыт қалпына келтірілді

Қазақстандағы құрылыс тақтайшаларының жалғыз өндірушісі "Мелисса" ЖШС зауыты өзінің жобалық қуатына оралды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Мұрат Құсайынов айтты, деп хабарайды ustinka.kz.

"Қазір зауыт екі ауысымда жұмыс істейді. Алдағы уақытта компания үш ауысымдық кестені құруды жоспарлап отыр", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Даниал Ахметов "Мелисса"  ЖШС-нің өртенген зауытына барып, жағдаймен танысқан. Сонда компанияның басшылығы зауыттың жұмысын төрт - бес айға дейін қалпына келтіретінін, алайда бұған қаражат жеткіліксіз екенін айтқан еді.  

"Ертіс" ҰК" АҚ қалпына келтіруге бірнеше жүз миллион теңге бөлу туралы және зауытпен бірлескен кәсіпорын құруға уәде берген еді. Осылайша, "Мелисса" ЖШС өз өндірісін қайта бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу