Өртеніп жатқан қоқыс полигоны маңайындағы тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеу ескертілді

1617

Мамандардың мәліметінше, ауа құрамындағы күкіртті сутек – бес есе, ала формальдегид 11 есе көбейген.

Өртеніп жатқан қоқыс полигоны маңайындағы тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеу ескертілді

Өскеменде қоқыс полигонының өртенуі салдарынан сыртта ұзақ уақыт жүруге болмайды. Әсіресе, балаларға, деп хабарлайды altaynews.kz.

Мамандардың өртеніп жатқан аумақты тексергеннен кейінгі мәліметінше, ауа құрамындағы күкіртті сутек – бес есе, ала формальдегид 11 есе көбейген.

Облыс бойынша экология департаментінің мамандары сол маңайдағы тұрғындарға, әсіресе, балаларға сыртта көп жүру денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді. Үйдің есік-терезесін ашық қалдырмаған жөн.

Айта кетсек, күкіртті сутек – жүйке-жүйесіне әсер ететін улы газ. Ал формальдегид – екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян және адамның жүйке жүйесін зақымдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу