Өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған жігіт марапатталды

846

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған жігіт марапатталды

"Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені, әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды", - деп атап өтті Ю.Ильин.

Ақылбектің айтуынша, ол өзін батыр санамайды.

"Менің орнымда кез-келген адам осындай қадамға барар еді", дейді ол.

23 сәуірде күндіз сағат екілердің шамасында Петров көшесінде 5-үйдегі пәтерде өрт шыққан. Бала үйде жалғыз болған.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек баланы құтқаруға кіріскен.

Үйдің 5 қабатына жылдам көтеріліп, ашуға мүмкін болмаған темір есіктің әр жағында баланың жылап жатқанын естиді. Ақылбек ойланбастан 4-ші қабатқа түсіп, астыңғы көршілердің терезесінен үстіңгі қабаттағы пәтердің терезесіне қарай өткізуді сұрайды. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өрт сөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол күте алмайтынын және түтіннен тұншыға бастағандығын айтқан. Сонымен, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді. Бала қорқынышпен терезеден секіруге бел буады, Ақылбек оны бірден қағып ұстап алды.

"Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым", - дейді кейіпкер.

Ақылбек Қыпшақбаев, 1987 жылғы Шымкент қаласының тумасы, үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу