Өртке оранған жаттақханада 15 газ баллоны болған

1046

Қызылордада қаласында өртенген көп қабатты үйден 73 адам эвакуацияланды.

Өртке оранған жаттақханада 15 газ баллоны болған

Алты адам көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жеткізілгенін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше түнде Бөкейхан көшесіндегі бұрынғы жатақхананың бес қабатты ғимаратында өрт болды.

"Өртті барлау және сөндіру кезінде барлығы 73 адам құтқарылды, оның жиырмасы бала. Сонымен қатар, 28 адам бесінші қабаттан өрт сөндірушілер сатысы арқылы құтқарылды, олардың жетеуі бала. Бесінші қабаттағы барлық пәтерлерден 27 және 50 литрлік 15 газ баллоны шығарылды", –  делінген сенбі күні таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, көмірқышқыл газымен улану белгілері бар алты адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

"Қазіргі уақытта облыстық медициналық орталықта бес адам жатыр", – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 11 негізгі және арнайы өрт сөндіру машинасы және 57 қызметкер жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген зақымдары анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу