Өрттен 2 адам қаза тапты – ТЖМ

716

8 өңірде өрт дерегі тіркелген.

Өрттен 2 адам қаза тапты – ТЖМ

3-6 шілде аралығында Қазақстанда 31 табиғи өрт дерегі тіркеліп, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 31 өрт дерегі тіркелген (18 орман, 13 дала). Өрттің ауданы – 5 642 га.

"Ақмола және Қарағанды өңірлерінде 2 адам қаза тапты. Қарағанды облысында 210 бас ірі және ұсақ мал қырылды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ далада 56 өрт дерегі тіркелген. Оның аумағы – 18 446 га. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу