Ақмола облысы Атбасар ауданының Родионовка ауылында өрт кезінде ағайынды екі жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Облыстық полицияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сейсенбі күні ауылдық жердегі жеке меншіктегі жер үй өртенген. Өртті сөндіру кезінде 1996 және 1971 жылы туылған ағайындылардың денесі табылған.
Алдын ала болжам бойынша, өрт төсекте жатып темекі шегуден тұтанған болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу