Өрттен аман алып қалды

765

ШҚО Малоубинка ауылдық округінің басшысы өрт сөндірушілер жеткенше, жанып жатқан үйден 11 жасар қызды алып шықты.

Өрттен аман алып қалды

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бірнеше күн бұрын Глубокое ауданының Секисовка ауылында түн ішінде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер жеткенше, жалын үйді тұтас шарпып үлгерген екен. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Үй отқа оранған кезде, 11 жастағы қыз бала бөлмеде қалып қойған. Әжесі үйге кіре алмаған. Осы кезде Сергей Сомов көмекке келген. Сергей еш ойланбастан жанып жатқан үйге кіріп, есінен танып қалған бүлдіршінді сыртқа алып шыққан екен. Балақайдың әжесі де қатты уланған.

ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта зардап шегушілердің жағдайы тұрақталды.

Секисовка ауылының тұрғыны Сергей Сомов көрші Малоубинка ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу