Өрттен бес баласынан айырылған елордалық отбасы ұлды болды

1172

Ситер отбасында 2019 жылы 4 ақпанда бүкіл елді дүрліктірген қайғылы оқиға болған еді.

Өрттен бес баласынан айырылған елордалық отбасы ұлды болды

Өрт салдарынан бес қызынан айырылған еордалық отбасында ұл бала дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Тәңірберген Бердоңғаровтың Facebook  парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Өрт салдарынан балаларынан айырылып, қайғыға батқан Ситер отбасын сәбилі болуларымен құттықтаймын!. Жанымгүл аяғы ауыр болған кезде көз тимеуі үшін бұл туралы ешкімге айтпауымды өтінген еді. Бүгін олардың шаңырағында қуанышты жаңалық! Өмірге ұл келді!", - деп жазды Тәңірберген Бердоңғаров.

Ол ерлі-зайыптыларды ұлды болуларымен құттықтады.

"Сіздерді халық атынан құттықтаймын және ұлдарыңыздың несібесі арта берсін деп тілейміз! Сіздердің қыздарыңызға деген үлкен махаббаттарыңыздың, әпкелерінің құрметіне орай лайықты мұрагер болсын! Бұл махаббат оны барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Бауы берік болсын!", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 2019 жылы 4 ақпанда Ситер отбасында бүкіл елді дүрліктірген қайғылы оқиға болды. Жер үйден шыққан өрт салдарынан олар бес қызынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу