Өрттен екі адамды құтқарып қалған оқушы марапатталды

1311

Мирас Жүнісовке "Өрт сөндірудегі ерлігі үшін" медалі берілді.

Өрттен екі адамды құтқарып қалған оқушы марапатталды

Оралда 11-сынып оқушысы Мирас Жүнісов "Өрт сөндірудегі ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды 24.kz.

Өжет өрен өз өмірін тәуекелеге тігіп, өрт шыққан үйден екі бірдей адамды құтқарып қалған.

Оқыс оқиға Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болды. Қырағы жеткіншек алдымен көрші үйдің түтіндеп жатқанын байқайды. Жақындап келген кезде жылаған баланың дауысын естиді. Ойланып жатпастан, бірден үйге кіріп, 8 жасар баланы алып шығады. Оны көршілерге табыстаған бойда жалынға шарпылған үйге екінші мәрте еніп, 50 жастағы ер адамды тілсіз жау тырнағынан құтқарады.

Мирас оқу озаты, облыстық зияткерлік сайыстардың жеңімпазы. "Алтын белгіден" үміткерлер сапында. Батыл жеткіншекті марапаттаған облыстық ТЖД басшылығы оның келешекте құтқарушы мамандар қатарын толықтырарына сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу