Өрттен қаза болғандардың отбасыларына тағы қандай қолдау көрсетіледі?

470

ҚР Үкіметі Абай облысында өрттен қаза болғандардың отбасыларына қолдау шараларын жалғастырады.

Өрттен қаза болғандардың отбасыларына тағы қандай қолдау көрсетіледі? Фото: Ак Жайык

Бұл туралы Inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетіледі: 

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы; 

2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы; 

3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден және әр балаға 2 млн теңгеден бөлінетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу