Өрттен зардап шеккен риддерліктер баспаналы болды

986

Биыл Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен 12 отбасына жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өрттен зардап шеккен риддерліктер баспаналы болды

Естеріңізге салайық, Риддердегі өрт 290 гектар жерді шарпыды. Салдарынан 272 гектар орман мен 30-дан астам тұрғын үй жанып кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үйсіз қалған азаматтарға көмек көрсетуді жеке бақылауына алды. Қабылданған шара шеңберінде өрттен зардап шеккендерге "Ботаника" ауданынан 1 қабатты 30 үй және көпбалалы отбасылар үшін 2 үй салынатын болды.

Өз кезегінде премьер-министр Асқар Мамин тұрғындармен кездесіп, оларға салынатын үй құрылысын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Қарқынды жұмыс нәтижесінде құрылыс мерзімінен бұрын аяқталды. 

ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов өрттен зардап шеккен 12 отбасына жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстады. Таяуда қалған 20 отбасына жаңа үйге қоныстанады.  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу