Өрттен зардап шеккен Түркияны су басты

980

Бартын провинциясындағы көпір қирап, салдарынан 13 адам жарақат алған. 

Өрттен зардап шеккен Түркияны су басты

Жақында ғана тілсіз жаудың шырмауында қалған Түркия енді су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Daily Sabah сайтына сілтеме жасап. 

11 тамызда Түркияның солтүстігінде қатты нөсер жауып, салдарынан су тасқыны жүрді. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Қара теңіз жағалауы зардап шеккен. Қарабюк және Кастамон провинциялары су астында қалды. Бірқатар ауылда ғимараттардың бірінші қабаттарын су басты. Бартын провинциясындағы көпір қирап, салдарынан 13 адам жарақат алған.

Улус ауданы қатты зардап шегіп отыр. Провинцияны Қарабұқпен байланыстыратын жолдың бір бөлігі құлап қалған. Бұл жерлерде қазір іздестіру-құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Шілде айының соңында Түркия аумағын орман өрті шарпыған еді. Ол кезде аумағында  ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілген болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу