Өрттен зардап шеккендерге 500 млн теңге жиналды

330

Қаражатты Семей қаласындағы "Ақ Ертіс" қоғамдық қоры жинаған.

Өрттен зардап шеккендерге 500 млн теңге жиналды Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысындағы өрттен қаза тапқан марқұмдардың отбасыларына көмек үшін жиналған қаражат 500 миллион теңгеге жетті. Қаражатты Семей қаласындағы "Ақ Ертіс" қоғамдық қоры жинаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қара жамылған отбасылар үшін деп, еліміздің барлық өңіріндегі азаматтар және кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көмек қолын созған. Қайырымдылық үшін жиналған қаражаттан тілсіз жаудың құрбаны болған орманшыларды жерлеуге шыққан шығындары өтелді. 

"500 миллион теңге жиналды. Оның 102 миллионнан астамы 15 орманшының отбасыларына берілген пәтерлерге жиһаз, тұрмыстық техникалар сатып алу үшін жұмсалды. Пәтерлер Семей қаласының тұрғын үй қорынан берілді", - деді "Ақ Ертіс" қоғамдық қорының төрағасы Катият Мусаинов.

Қор төрағасының айтуынша, бұдан өзге өрт салдарына байланысты жиналған қаражаттың біразы жұмсалған. Оның есебі әзір болғанда барынша жария етіп, халыққа жеткізбек.

"Қордағы ақшаның есебін ашық көрсетеміз. Әрбір тиынына дейін есебін береміз. Мен қаражат жинаған қор төрағасымен сөйлестім. Қалған ақша облысымыздағы орманшылар мен өрт сөндірушілердің қажеттілігі үшін жұмсалады", - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу