Жазғы кезең қарсаңында министрлік өрт қауіпті кезеңге арналған күштер мен құралдарды топтастыруды бекітті, шекара маңы облыстарымен өзара іс-қимыл жоспарларын пысықтады.
Ірі табиғи өрттерге Қазавиақұтқару авиациясы дайындалды. Жыл сайын олардың қатысуымен бірнеше орман өрті сөндірілді.
Жергілікті деңгейде қала аумағында табиғи жанулар мен өрттердің орын алуы және оларды сөндіру қауіп-қатерлерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Цифрландыру шеңберінде қала периметрі бойынша өрттерді уақтылы анықтау үшін Департаменттің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына бере отырып, 4 биік ғимаратқа ("Эгалите", "Байқоңыр", "Северное сияние", "Свечка" ТК) 32 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Жалпы, қазір 216 қалалық бейнекамераға және "СЕРГЕК" жүйесіне қол жетімділік бар, бұл оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Қаланың коммуналдық ұйымдары шекараларының периметрі бойынша жоғары өтімді техникамен және өрт сөндіру құралдарымен (хлопушкалар мен аспалы қондырғылар) жарақтандырылған күзет жылжымалы бекеттері ұйымдастырылды.
Жергілікті тұрғындар мен елорда қонақтарына әкімшілік ықпал ету шараларын қолдана отырып, бұзушылықтардың жолын кесу бойынша полиция органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу туралы жеке ескерту жасағым келді.
Осылайша, рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу және от жағу үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Рұқсат етілген шомылу орындары туралы ақпаратты "2 ГАЖ" қосымшасынан табуға болатындығын еске саламыз, делінген хабарламада.