Өртті қармен сөндіруге тура келді (видео)

1015

Өрт сөндірушілер екі шақырым жерді қар кешіп, жаяу жүріп өткен. 

Өртті қармен сөндіруге тура келді (видео)

ШҚО Бесқарағай ауданына қарасты Қарабас ауылында жер үйден өрт шығып, қалың жауған қардан өрт сөндіру көлігі оқиға орнына жете алмады, деп хабарлайды аltaynews.kz.

29 қаңтарда Қарабас ауылында жер үйден өрт шыққан. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі бұл елді мекеннен 35 шақырым жерде орналасқан.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйге көлікпен жете алмай, екі шақырым жерді қар кешіп, жаяу жүріп өткен. Баспана толықтай жалынға оранған екен. Өртт қармен сөндіруге тура келіпті.

Өрт сөндіру көлігі өртенген үйге жолда тазартқан соң екі сағаттан кейін ғана зорға жетеді. Бұл мақсатқа арнайы техниканы жергілікті кәсіпкер берген.

Өртте қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу