Өртті өшіруге кемі 2 апта уақыт қажет – министр

497

Абай облысындағы орман өртін толық өшіру туралы айтуға әлі ерте.

Өртті өшіруге кемі 2 апта уақыт қажет – министр Фото: ҚР ТЖМ

Алапат өрт оқшауланды. Дегенмен толық өшіруге екі аптадан бір айға дейін уақыт қажет. Бұл туралы экология министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Министр өртенген орманды тазарту 3-4 жылға созылатынын және қалпына келтіруге ондаған жылдар қажеттігін қаперге салды.

Еске салсақ, 8 маусымда басталған өрт "Семей орманы" табиғи резерватында 60 мың гектар жерді шарпыды. Салдарынан 15 адам қаза тапты.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.

"Егер тергеу оқыс оқиғаға Экология министрі кінәлі екенін анықтаса, жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын", - деді Зүлфия Сүлейменова.

"Менің ойымша, бұл менің жетекшілік ететін блогым және менің жетекшілік ететін министрлігім. Ведомство құрамына кіретін кез келген блок үшін басшы ретінде жауаптымын. Мен өз жауапкершілігімнен қашпаймын", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу