Мәскеу қаласында үлкен өрт болды. Мәскеу төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда 17 тамызға қараған күні кеште тұтанған өрт қаланың 15 мың шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды qazaqtimes.com.
Өрт Мәскеу қаласының солтүстігіндегі бояу өндіретін кәсіпорынның бір қоймасынан шыққан. Ондағы жиһаздар мен бояулардан шыққан өрт, әп-сәтте тұтас қойманы жалынға орап, маңындағы ғимараттарды да шарпыған. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті 80-нен аса өрт сөндіруші және өзге техникалық көмек көрсетуге 30-дан аса адамды жұмылдырған. Өрт сөндіруші көліктермен қоса екі тікұшақ та жұмылдырылды. Әзірге, зардап шеккендер мен заттық шығын туралы нақты мәлімет таратылмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу