Шымкенттегі мұнай өнімдерін сақтайтын қоймадан шыққан өртті ауыздықтау қиынға соғуда. Төтенше жағдай қызметіне қазір тікұшақты пайдалануға тура келді. Қызыл жалынды өшіру үшін жерде 35 техника мен 200 тарта адам арпалысуда. Қазақпарат мәліметінше, өрт шыққан "Шымкент мұнай өнімдері" компаниясының қоймасында 3 мың текше метрлік резервуарда 1,5 мың тонна бензин болған. Айта кетейік, қызыл жалын таңғы 8-дер шамасында тұтанды. Салдарынан бір адам қаза тапты. Марқұм болған 46 жастағы азамат осы қоймада оператор болып жұмыс істеген. Жағдайды өрт сөндірушілерден өзге жедел құтқару жасағы, жедел жәрдем, полиция, газ мекемелерінің қызметкерлері бақылауда ұстауда. Әзірге, жалынның неден тұтанғаны белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу