Орынбасар Құлжабаева : Сотты болған жиырмаға жуық адам өз кәсібін ашты

838

Орынбасар Құлжабаева : Сотты болған жиырмаға жуық адам өз кәсібін ашты

Жыл басынан еліміздің бас қаласында сотты болған жиырмаға жуық адам ТҚС, сауда орны, құрылыс бригадасы сияқты шағын кәсібін ашты. Бұл туралы "Оңтайландыру технологиялары мен тұжырымдамалары" ҚҚ-ның директоры Орынбасар Құлжабаева мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі медиа орталығы.

Орынбасар Құлжабаеваның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Астанада бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1 240 азаматқа көмек көрсетілген. Сотты болған азаматтар психологиялық, медициналық көмек алып, құқықтық қолдауға ие болған.

"Абақтыдан шыққан азаматтар үшін жұмысқа орналасу соттылықты өтеудің маңызды себепшісі болып табылады. Осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашу, яғни кәсіпкерлік қызметті дамытудың да маңызы өте зор", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу