Орынбор облысындағы әуежайда зейнеткердің полиция қызметкерлеріне күш қолданғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс материалдарына сай, 74 жастағы әйел Қазақстаннан Ресейге қызын көру үшін барған. Ол Қазақстан-Ресей шекарасынан автокөлікпен өтіп, әрі қарай ұшақпен ұшатын болған. Тексеру кезінде әйелдің қол жүгінде 5 литрлік май құтысы бар екені анықталған.
– Жүк тасымалдау ережелеріне қатысты ескерту алған әйел ашуланып, зейнеткердің соққысынан 2 құқық қорғау органының қызметкері зардап шекті, – деп көрсетілген іс материалдарында.
Бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жеткізілгенде зейнеткер өз кінәсін мойындамаған және билік өкілдеріне күш қолданбағанын жеткізген.
Әйелдің қарт екенін ескерген сот өтінішті қарауды кейінге қалдырды және туыстарына қамауға алу немесе үйқамақ сияқты жеңілірек бұлтартпау шарасын тағайындауға мүмкіндік жасады.
– Алайда уақытша ұстау изоляторынан берілген мінездемелер әйелдің белгіленген нормалар мен тәртіпке бағынғысы келмейтінін көрсетті. Сонымен қатар, сот зейнеткердің Ресей Федерациясының аумағынан қысқа мерзімде кетуге ниетті екенін ескерді, – делінген хабарламада.
Жиналған мәліметтерді басшылыққа алған сот зейнеткерді 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындап отыр.