Орындалмаса да, елдің мұң-мұқтажын айтқан депутатты жақсы деп есептеймін – Мұрат Бақтиярұлы

1007

"Президент халыққа Жолдауында сайлауалды уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылатынын мәлімдеді. Бұған дейін олар сөзін толық орындады деп айта алмаймыз. Осы іс қаншалықты жүзеге асады деп ойлайсыз?". Бұл – журналистердің сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлына қойған сауалы.

Орындалмаса да, елдің мұң-мұқтажын айтқан депутатты жақсы деп есептеймін – Мұрат Бақтиярұлы

"Мамандығым – саясаттанушы. Саяси ғылымдардың докторы, профессормын. Сайлауға қатысты білетін азаматпын. Әлемде сайланған депутаттың барлығы үйп-төгіп уәде береді. Американың өзінде де бар. Бәрін орындау мүмкін емес. Көбі қаражатқа тіреледі. Бірақ негізгі стратегиялық бағыттарды, елге керекті дүниелерді орындаса, онда депутат мықты. Орындалмаса да, елдің мұң-мұқтажын айтқан депутатты жақсы депутат деп есептеймін. Барлық депутатты жұмыс істемейді деуге болмайтын шығар. Ыңғайсыз болады. Адал әріптесіміз көп. Аспандағы санды айтпай, орындай алатын нәрсені айту керек", – деді Бақтиярұлы.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу