"Орынсыз әзілдеп, рұқсатсыз телефонға түсірген": Пойызда туриске тиіскен маңғыстаулыққа айыппұл салынды

​Оқиға Ақтау – Шымкент бағытындағы пойызда 8 шілде күні тіркелген.

"Орынсыз әзілдеп, рұқсатсыз телефонға түсірген": Пойызда туриске тиіскен маңғыстаулыққа айыппұл салынды Фото: ЖИ

Маңғыстаулық тұрғынның шетелдік туристі мазалап, орынсыз әрекетке барғаны айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салған.

Іске шетелдік туристің әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбасы себеп болды. Ол Қазақстандағы 40 сағат пойыз сапары барысында өзін мазалаған жолаушының іс-әрекеттерін көрсетіп, басынан өткен оқиғаны баяндаған.

Туристің сөзінше, ер адам оған қайта-қайта орынсыз әзіл айтып, рұқсатынсыз ұялы телефонға түсіріп алған. Сондай-ақ, жергілікті тілде балағат сөздер айтып, қолайсыз жағдай туғызған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан соң көліктегі полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, іс материалдарын сот қарауына жолдады. Нәтижесінде сот оның кінәсін дәлелденді деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу