"Орыс тілін жетік білуі тиіс": Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдетілді

701

РФ Президенті Владимир Путин құжатқа қол қойды.

"Орыс тілін жетік білуі тиіс": Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдетілді Фото: Youpassport.ru

РФ Президенті Владимир Путин "Беларусь, Қазақстан және Молдава азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл құжат ресейлік паспортты алу процедурасын жеңілдетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

18 желтоқсанда рәсімделген құжат ресми жарияланған құқықтық актілер порталында орналастырылды. Оған сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары келесі талаптарды сақтамай-ақ Ресей азаматтығын ала алады:

Ресей Федерациясында тұрақты тұру;

Ресей тарихын және Ресей Федерациясының заңнамасы негіздерін білу.

Алайда қазақстандықтар орыс тілін жетік білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Қазақстан азаматтары ресейлік паспортты алу үшін тұрақты тұруға өтініш, ұлттық паспорты мен орыс тілін білетіндігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Дәл осыдай талап Молдава азаматтарына да қойылады. Ал Беларусь азаматтарына орыс тілін білетіндігін растаудың қажеті жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу