Осыдан екі жыл бұрын елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының орыс тілді мектептердегі оқушылар санының азаюын сөз етіп ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды.
Білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толы екенін және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде деген ойын білдірді. Педагогтердің мәртебесі туралы заңды қайта қарастыру қажеттілігін ұсынған болатын.
Осы уақытқа дейін бұл ақпарат БАҚ беттерінде түрліше тарап, бұрмаланып кеткенге ұсайды. Осыған орай ҚР Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ", – деді Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.