Қазақстандық Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жұптық сында да ширек финалға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бірінші партияда жапониялық жұп 6:2 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева мен Калинская есе қайырды - 6:3.
Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 12:10.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Жапониялықтар 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында Осака турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.